Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Інісінің көзінше жүрек тұсынан аяусыз ұрып өлтірген": Жамбыл облысында жасөспірім қатарластарының соққысынан қаза тапты

"Інісінің көзінше жүрек тұсынан аяусыз ұрып өлтірген": Жамбыл облысында жасөспірім қатарластарының соққысынан қаза тапты

Әйелдің айтуынша, қаза болған баласын сол күні 11-сыныпта оқитын бес оқушы мәдениет үйінің артына апарып, аяусыз соққыға жыққан. Жасөспірім айқайлап тоқтатуды өтінгенімен, олар әрекеттерін доғармаған. Тіпті дүкенге жіберіп, қайта келген соң тағы да ұрып-соққан. Салдарынан 10-сынып оқушысы жүрек тұсынан соққы алып, көз жұмды.

Марқұмның анасы баласына әлімжеттік мектеп ішінде күнделікті жалғасқанын, ақша талап етіп, түрлі заттар алдырғанын айтады. Ол сондай-ақ күдікті бес жасөспірімнің үшеуі ғана қамауда отырғанын, ал қалған екеуінің ештеңе болмағандай мектепке барып жүргеніне наразы екенін жеткізді.

Ал Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты түсініктеме жасады.

«Шу ауданындағы оқиға бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде. Үш күдікті қамауға алынды, ал екі жасөспірім сот шешімімен үй қамағына жіберілді. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында», – делінген ресми хабарламада.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.