Жамбыл облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
8 қараша, 2018
Жамбыл облысында жүйке жүйесінің дертіне шалдыққан 16 жастағы қыз жоғалып кетті. Айгүл Әзімбай далаға шығып кетіп, сол беті үйіне оралмаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz
Анықталғандай, жасөспірім шизофренияға шалдыққан. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Айгүлдің бойы 160-165 сантиметрді құрайды. Бойжеткен орта денелі, шашы қысқа әрі қара түсті.
Айгүл Әзімбайға қатысты қандай да бір ақпараттарыңыз болса, 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймын.