Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында 20 жастағы қыз асқан қатыгездікпен өлтірілген: Марқұмның анасы үндеу жасады (видео)

Абай облысында 20 жастағы қыз асқан қатыгездікпен өлтірілген: Марқұмның анасы үндеу жасады (видео)
фото: ашық дереккөз

Абай облысында 13 шілдеде қаза тапқан Дильназ Жұмағұлованың анасы қазақстандықтарға үндеу жасап, жалғыз қызының қазасы туралы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

20 жастағы қыздың денесі таңертең Бородулиха ауылындағы үйлердің бірінің маңынан табылған. Анасының айтуынша, Дильназдың денесінде көптеген пышақ жарақаты мен ауыр жарақаттар болған. Ол алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.

"Ана ретінде күн сайын жанымды қинаған бұл қайғыны сөзбен жеткізу қиын. Ол небәрі 20 жаста еді, бүкіл ғұмыры әлі алдында еді. Ол менің жалғыз қызым, үмітім әрі тірегім еді", – дейді марқұмның анасы.

Дильназдың анасы істің әділ тергеліп, кінәлі адамның жауапкершілікке тартылуын сұрайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ауданның 20 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адам 3 жасар қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап өлтіргені туралы жазған едік.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.