"Жалғыздық адамды шаршатады екен": Мақпал Жүнісова желіде жан сырын ақтарды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде жан сырын ақтарып, жалғыздықтан шаршағанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жалғыз жұбанышы қызы екенін жасырмады.
"Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің дейді. Ақыл айтып қоятыны да бар. Балам емес, менің досым сияқты. Сырымның бәрін Мерейге айтып отырамын. Мұңымды шағамын. Оны бала ғой демеймін", – дейді Мақпал Жүнісова.
Одан кейін марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті де жиі еске алатынын айтты.
“Кейде жалғыздық деген адамды шаршатады ғой. Зәкеңді қайта-қайта еске алатын кездерім болады. Ондайда халықтың өзі басу айтады. Сіз жалғызбын деп айтпаңыз, біз бармыз, сізді жақсы көретін халық бар екенін ұмытпаңыз, сіз бақытты болуға лайықсыз, сіз бақыттысыз деп жатады. Әрине, халықтан үлкен емеспіз. Ұлық болсаң, кішік бол деген. Халықтың сөзін тыңдаймын. Өйткені бізге баға беретін де, көкке көтеретін де халық. Сүрініп кеткенімізді кешіретін де халық. Ал сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас", – деп сырын ақтарды әнші.
Еске салайық өнер иесі саясаткермен жеті жыл заңсызтұрғанын айтқан еді.