Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Жалған ақпарат таратқан”: Астанада журналист қамауға алынды

“Жалған ақпарат таратқан”: Астанада журналист қамауға алынды

Елордалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ведомстводан хабарланғандай, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат "Ә"-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Еске салсақ Шымкентте патрульдік полиция командирі тұрғындарды бопсалағаны үшін ұсталған болатын.

Автор
Нұрсұлтан