KZNews.kz
Қоғам

"Жалақым жетпейді": Депутат Бақытжан Базарбек бөліп төлейтін 8 несиесі бар екенін айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: ҚР Мәжіліс баспасөз қызметі

Парламент кулуарында тілшілер депутаттан несие мен бөліп төлеуге алған заттарының санын сұраған.

«Мысалы, мен ұшақ билеттерін де бөліп төлеймін. Қазір шамамен 8–9 түрлі бөліп төлеу несием бар. Өйткені Алматыға жиі барып, халықпен кездесіп тұрамын. Кейде жалақыны күтуге тура келеді. Мен кәсіпкер емеспін, қарапайым заңгермін. Бұрынғы заңгерлік тәжірибемді тоқтаттым, енді тек депутаттық айлыққа сүйеніп отырмын», — деді Базарбек.

Депутаттың сөзінше, кейде айлық кешігіп қалғанда да өңір тұрғындарымен кездесулерді кейінге қалдырмай, өз қаражатынан барып өткізетін кездері болады.

«Мысалы, жұма күні кешке ұшып барып, сенбі күні халықпен кездесемін. Кейбір тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өздері хабарласып, шақырады. Ондай жағдайда өз есебімнен баруға тура келеді», — деп түсіндірді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары