KZNews.kz
Қоғам

Зейнеткер аурухананың төртінші қабатынан құлап, көз жұмды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 14 қазанда №1 қалалық ауруханада болған. Зейнеткер ауыр жарақат алып, көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Бейресми дерекке сүйенсек, марқұм неврология бөлімінде ем алып жүрген және бұрын өзін-өзі өлтіруге талпынған болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, әйел терезе ашық тұрған кезде секіріп кеткен.

СҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) аясында сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары