KZNews.kz
Аймақ

Жетісу облысында әкесі ұрған сәби жансақтау бөліміне жатқызылды

Фото: ашық дереккөздерден

Талдықорғанда үш жасар қызын әкесі ұрып-соққан. Соның салдарынан сәби ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды kznews.kz. orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында мас күйдегі әке үш жасар қызын ұрып-соққаны белгілі болды. Әкесі ұрған қыз бала 2-ақпан күні кешке ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр. Оқиғаның өзге мән-жайы анықталуда.

Айтпақшы, бұл соңғы айда Жетісу облысында болған екінші оқиға. Бұған дейін Панфилов ауданының тұрғыны да баласын аяусыз ұрып, соғып ұсталған еді. Қазір қатыгез ана сотты болып жатыр.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте баста...
Автордың басқа материалдары →