Талдықорғанда үш жасар қызын әкесі ұрып-соққан. Соның салдарынан сәби ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды kznews.kz. orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Талдықорған қаласында мас күйдегі әке үш жасар қызын ұрып-соққаны белгілі болды. Әкесі ұрған қыз бала 2-ақпан күні кешке ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр. Оқиғаның өзге мән-жайы анықталуда.
Айтпақшы, бұл соңғы айда Жетісу облысында болған екінші оқиға. Бұған дейін Панфилов ауданының тұрғыны да баласын аяусыз ұрып, соғып ұсталған еді. Қазір қатыгез ана сотты болып жатыр.