KZNews.kz
Қоғам

Жетісайдағы өрттен аман қалған 7 жасар қыз көз жұмды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, науқасқа қарқынды терапия жүргізіліп, профильді мамандар кеңесі берілген және толық көлемде реанимациялық шаралар жасалғанымен, дәрігерлер жүрек қызметін қалпына келтіре алмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске сала кетейік, 18 қараша таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы тұрғын үйде ірі өрт болып, ресми дерекке сәйкес, 12 адам көз жұмған. Полицияның айтуынша, отбасында осыған дейін сүндет той өткен: әуелі мереке мейрамханада ұйымдастырылып, кейін туыстар оны үйде жалғастырған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары