Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

12 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған үш адамның бірі есін жиды

12 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған үш адамның бірі есін жиды
Фото: ТЖД

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған үш адамның бірі есін жиды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасовтың айтуынша, науқастың жағдайы жақсарып келеді.

“Зардап шеккендердің бірі есін жиды. Қажет болған жағдайда үшеуі де аудандық ауруханадан Астанаға санитарлық авиациямен тасымалдауға дайын”, – деді ол.

Жолдасов оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

“Қайғылы оқиға мұқият және жан-жақты тергеледі”, – деді шенеунік.

Бұған дейін үш адамның да жансақтау бөліміне түскені хабарланған. 1986 жылы туған ер адам өрттен өз бетімен шығып, денесінің 12%-ы күйген. Ал 1991 жылы туған науқас пен 2018 жылғы қыздың денесінің тиісінше 30% және 11%-ы күйіп, екеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.