KZNews.kz
Жаңалықтар

Жетісайдағы өрт: Алапат өрттен аман қалған қыз екі аптадан кейін көз жұмды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Оңтүстік Қазақстанда болған алапат өрттен жарақат алған жеті жастағы қыз екі апта өмір үшін күрескенімен, аман қалмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2018 жылы туған бүлдіршін 30 қараша күні қайтыс болды.

"Көрсетілген интенсивті терапияға, салалық мамандардың кеңесіне және барлық қажетті реанимациялық әрі детоксикациялық шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", – делінген басқарма хабарламасында.

Ведомство марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары