1 674 699 адам: Астана тұрғындарының ресми саны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жеті бала бар. Ортақ сәби қалаймыз”: Динара Сәтжан қуанышымен бөлісті

“Жеті бала бар. Ортақ сәби қалаймыз”: Динара Сәтжан қуанышымен бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты тың жаңалықпен бөлісіп, жұбайы Жұмабек Жанықұловпен ортақ перзент сүюді армандайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, бүгінде олардың шаңырағында жеті бала тәрбиеленіп жатыр. Соған қарамастан ерлі-зайыптылар өздерінің ортақ сәбиі дүниеге келгенін қалайды.

«Қазір біздің отбасымызда жеті бала өсіп келеді. Дегенмен Жұмабек екеуміздің ортақ сәбиіміз болғанын қалаймыз. Мұндай жоспарымыз бар. Неге өз баламыз дүниеге келмеске? Бәлкім, жақын уақытта жақсы жаңалықпен бөлісетін шығармыз», – деді Динара Сәтжан.

Журналист бұл ойын сұхбат барысында айтып, отбасы үшін баланың дүниеге келуі үлкен қуаныш болатынын жеткізді. Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін жаудырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.