Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жерлеу орнын алдын ала дайындаған»: Атыраудағы зейнеткер жұптың өліміне қатысты сұмдық дерек шықты

«Жерлеу орнын алдын ала дайындаған»: Атыраудағы зейнеткер жұптың өліміне қатысты сұмдық дерек шықты
Коллаж: Nur.kz

Атырау облысында жоғалып кеткен зейнеткер ерлі-зайыптының мәйіті өз үйінің ауласындағы сарайдан табылып, туыстары қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туыстарының айтуынша, іздеу жұмыстары 6 қаңтар күні аяқталған. Марқұмдардың денесі өз үйлерінің ауласындағы сарайдың ішінен табылыпты. Қаза болған азаматтың әпкесі Фаризат Кенжеғалиева қылмыскер немесе қылмыскерлер мәйіт жасырылатын орынды алдын ала дайындап қойғанын жеткізді.

Оның сөзінше, сарай ішінде екі орындық диван тұрған, мәйіттер дәл сол диванның астынан шыққан. Ішіне шамамен 1,2–1,3 метр тереңдікте шұңқыр қазылып, денелердің үсті киізбен жабылған. Кейін киіздің үстіне диванды қайта қойып, көзден таса қылуға тырысқан. Фаризат Кенжеғалиева бұл көріністі бір өзі емес, ауыл болып іздеген жұртпен бірге көргенін айтады.

Туыстары сарай ішінде қылмыс ізін жоюға талпыныс болғанын да байқаған. Айтуларынша, қабырғаларда шашыраған қанның іздері болған, оны сүртіп кетуге әрекет жасалғанымен, бәрін толық кетіру мүмкін болмаған. Сонымен қатар линолеумге қан сіңіп қалғаны көрініпті. Жағдайды жасыру үшін үстін кілемдермен жауып, «тазаланып қойғандай» етіп көрсетуге ұмтылған.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет әлеуметтік желілерде тараған болжамдарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, марқұмдардың денесінен пышақ жарақаттары — шаншып-кесілген зақымдар анықталған. Қазір мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілген, нәтижесінде жарақаттардың нақты саны, өлімнің себебі және қылмыстың дәл уақыты нақтыланбақ. Тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер