Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жерлеп қойған әйел бір айдан кейін тірі келді": Жамбыл облысындағы таңғаларлық оқиға

"Жерлеп қойған әйел бір айдан кейін тірі келді": Жамбыл облысындағы таңғаларлық оқиға
Tengrinews.kz / ЖИ

Жамбыл облысында көпшілікті таңғалдырған ерекше оқиға болды. Туыстары қайтыс болды деп ойлап, жерлеп қойған әйел бір айдан кейін тірі күйінде үйіне оралған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаның басталуы

1953 жылы туған әйел 2024 жылдың тамыз айында Тараз қаласына көшіп келіп, әпкесінің үйінде тұрған. 2025 жылғы Құрбан айт мерекесінен кейін ол кенеттен жоғалып кеткен. Біраз уақыт өтсе де хабар болмаған соң, туыстары полицияға арыз берген.

Кейін 2025 жылдың тамызында ауыл маңындағы далада белгісіз әйелдің мәйіті табылып, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалады. Туыстары мәйітті жоғалған анасы деп танып, соның негізінде ресми түрде өлім туралы акт рәсімделіп, тиісті куәлік берілген.

Күтпеген жағдай

Алайда бір ай өткен соң, яғни 2025 жылдың қыркүйегінде әйел Жамбыл ауданына қарасты Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне тірі күйінде келіп, бәрін таңғалдырған. Осыдан кейін оның қызы анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін сотқа жүгінген.

Әйелдің айтуынша, Құрбан айттан кейін ол Айша бибі ауылына барып, пияз жинау жұмысына кіріскен. Сол жерде уақытша тұрып жұмыс істеген. Кейін зейнетақысы тоқтағанын байқап, Таразға барған кезде өзін "қайтыс болған" деп тіркегенін білген. Туыстарының айтуынша, оның кейде ұзақ уақытқа ескертусіз кетіп қалатын әдеті болған.

Сараптама және сот шешімі

Жамбыл аудандық соты жүргізілген тексерулердің нәтижесінде табылған мәйіттің басқа адамға тиесілі екенін анықтады. Полиция эксгумация жасап, қосымша сот-медициналық және генетикалық сараптамалар жүргізген.

Нәтижесінде марқұмның нақты кім екені анықталып, осы іс бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Ал сот әйелдің "қайтыс болды" деген құжаттарын жарамсыз деп танып, өлім туралы актінің күшін жойды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер