Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадина Авезованың ісіне қатысты жаңа видео жарияланды. Журналист Жан Ахмадиев марқұмның анасы мен Мадиярдың Мадинаның өлімінен кейін алғаш рет кездескенін хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Журналист бұл сәт түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялаған.
"Мадияр мен Мадинаның анасы өлімнен кейін алғаш рет кездесті…" – деп жазды Жан Ахмадиев.
Бұған дейін журналист бұл іс бойынша сараптама қорытындысы дайын болғанын және осыған байланысты арнайы Тараз қаласына келгенін хабарлаған еді. Оның сөзінше, заңгерлер іс материалдарымен танысуға кірген, ал түсірілім тобы Мадиярдан сұхбат алуға әрекет жасап жатқан.
Мадина Авезова Жамбыл облысының Меркі ауданында 2026 жылғы тамызда қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың алдында оның күйеуі Мадиярмен жанжалдасқаны туралы марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде жазған. Жарияланған хат алмасуда Мадина күйеуінің баласына әкелген "Барни" бисквитінің біреуін жегеннен кейін жанжал шыққанын және өзіне қол көтерілгенін айтқан.
Марқұмның жақындары Мадинаның қайтыс болуына қатысты бірқатар күмәнді жайт барын айтып, істің жан-жақты зерттелуін талап етіп келеді.