Қоғам

Жемқорлық болуы мүмкін: Болат Назарбаев Бурабайдағы жерлерді қалай алған

Жемқорлық болуы мүмкін: Болат Назарбаев Бурабайдағы жерлерді қалай алған
Ашық дереккөз

Журналист Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан Болат Назарбаев пен оның балалары немесе басқа біреулер Бурабайдағы жерді қаншалықты заңды алғанын сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әкім сұраққа былай жауап берді: “Оны құқық қорғау органдары анықтауы керек. … Міндетті түрде жоғары лауазымды адам болуы шарт емес, ол - жемқорлық та болуы мүмкін, пара да болуы мүмкін, сатып алу да болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені зерттеу қажет”.

Айта кетейік, заңгер Сапарғали Құсайыновтың айтуынша, осындай жағдайға шамамен 1800 жер иесі тап болуы мүмкін. Оның бірнеше ондағаны – кәсіпкерлер, қалғандары – қарапайым тұрғындар.

"Біз соттасамыз, талап-арыз береміз. Біз мұнда тұрамыз, бұл – біздің тұрақты мекеніміз, жеріміз рәсімделген", – деді ауыл тұрғыны Валерий Тищенко.

Ал Жер ресурстарын реттеу департаментінде істер Ақмола облысы прокуратурасының нұсқауымен қозғалғанын айтты. Олардың дерегінше, учаскелер ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды бұза отырып берілген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz