75 мың білім гранты кімдерге бұйырады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Болат Назарбаевтың 14 ұлы өздеріне тиесілі жерден айырылып қалуы мүмкін

Болат Назарбаевтың 14 ұлы өздеріне тиесілі жерден айырылып қалуы мүмкін
Saliqaly.kz

Алматы облысында Болат Назарбаевтың 14 баласына тиесілі жер учаскесіне қатысты сот дауы басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қарасай аудандық прокуратурасы жерді сатып алу-сату шарттары мен жер учаскесін қабылдап алу-тапсыру актісін жарамсыз деп тануды сұрап сотқа талап арыз түсірді.

Сот материалдарына сәйкес, талап арызды Қарасай аудандық прокуроры берген. Іс бойынша жауапкерлер қатарында Қарасай ауданының әкімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, үш компания, сондай-ақ Болат Назарбаевтың жұбайы, ұлы Нұрбол Назарбаев және тағы 13 баласы көрсетілген. Кәмелетке толмаған балалардың мүддесін заңды өкілдері қорғайды.

Талап арызда жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен оны қабылдап алу-тапсыру актісін жарамсыз деп тану сұралған. Алайда сот құжаттарында жердің балалардың иелігіне қалай өткені және мәмілені қандай негізде жарамсыз деп тану талап етіліп отырғаны әзірге нақтыланбаған.

Азаматтық іс сот өндірісіне қабылданған. Қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Алдын ала сот отырысы тамыз айының соңына белгіленген. Осыдан кейін істі қараудың әрі қарайғы тәртібі айқындалады.

Бұл Болат Назарбаевтың мұрагерлеріне қатысты алғашқы сот дауы емес. Бұған дейін «Алтын Орда» базарының бұрынғы иесі Болат Назарбаевтың жұбайы мен балаларына қарсы негізсіз баю туралы талап арыз берген. Сонымен қатар Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «PLS инвестициялық-құрылыс компаниясына», Болат Назарбаевқа және оның мұрагерлеріне қарсы мәмілені жарамсыз деп тану және келтірілген залалды өндіру туралы талап қойған.

Сот дауына жауапкерлердің бірі ретінде көрсетілген Kurylys LTD компаниясы бұған дейін де «Алтын Орда» базарына қатысты даулы істерде аталған болатын. Сот материалдарына сәйкес, 2013 жылы компанияның меншік құрылымына байланысты дау туындап, кейін оның үлестері Болат Назарбаевтың иелігіне өткен.

Сонымен қатар Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев бірнеше рет банкроттық рәсімін бастауға әрекет жасағанымен, сот оның өтініштерін қанағаттандырмаған. Қазіргі уақытта оның мемлекет алдындағы берешегі 63,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 61,8 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылуы тиіс активтер болса, 1,6 млрд теңгесі – мемлекеттік баж салығы.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.