Астанада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының суреті қызу талқыланып жатыр

Желіде Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының суреті қызу талқыланып жатыр

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен жаңа фотосессиясын жариялап, оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі суреттердің жаңа қойылымға арналғанын айтып, жазбасында спектакльдің мазмұнына тоқталған.

«Бұл спектакль – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңген, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт емдей алмаған жараларының ізі жайлы...», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актерлердің бірге түскен суреттеріне түрлі пікір қалдырды. Бірі олардың сахналық үйлесіміне тәнті болса, енді бірі әзіл-оспақпен пікір білдірген.

«Қайрекең шалқасынан түспесін», «Жұлдызға осындай ер адам көбірек жарасады», «Жұлдыз осы Азаматпен күшті жұп сияқты», «Шошып кеттім ғой», «Өте жарасымды жұп», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жарияланған фотосуреттер Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалды ойнайтын «Сен және мен» драмасының премьерасына арналған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.