Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқтар Серіков досы Мейрамбек Беспаев туралы ерекше сөз айтты

Тоқтар Серіков досы Мейрамбек Беспаев туралы ерекше сөз айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Тоқтар Серіков өнердегі достары Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев туралы ерекше әсер қалдыратын пікір білдіріп, шоу-бизнес жұртшылығын бір уақытта таңғалдырды да, ойландырды да, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол "Әйгерім Сейфолланың сырласуы" бағдарламасына берген сұхбатында Мейрамбекке деген бауырмалдық сезімін жасырмады.

"Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Мен онымен егіз болып өскенмін", – деді Тоқтар Серік.

Әнші тіпті болашақта балалары бір-біріне ұнап, құда түсетін жағдай туса, өзін қатты қиналып қалатынын айтты. Оның сөзінше, құдалық – үлкен жауапкершілік, ал достық – одан да жоғары рухани байланыс.

Ол Мейрамбек пен Сәкенмен арадағы көп жылғы сенім, сыйластық пен шынайы жақындықты "ресми" құдалықпен өлшеуге болмайтынын алға тартты.

"Қазақша айтқанда, жауға да, дауға да бермеймін. Құда болайын десем, өкпешіл қазақпыз ғой… Болмайтын дүниеге өкпелеп қойсақ, өмірдегі ең қиын нәрсе осы", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер