KZNews.kz
Әлем

Зеленский: Бейсенбі күні Түркияда Путинмен жеке кездесу күтемін

Ілияс Тұрсынхан
фото: aa.com

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында 15 мамырда Түркияда Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуді күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеп.

Оның айтуынша, Украина соғысты толық тоқтатуды күтеді және ресейлік тараптың кез келген қадамдарына айна-қатесіз жауап беруге дайын.

«Украина келіссөздерді кез келген форматта бастауға дайын. Мен бейсенбі, 15 мамыр күні Түркияда боламын және Путиннің келуін күтемін. Жеке. Бұл жолы ол келмеуге сылтау іздемейді деп үміттенемін. Біз соғысты тоқтату үшін сөйлесуге дайынбыз. Бейсенбі. Түркия», – деді Зеленский.

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары