Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зеленский Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: ашық деркккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату мақсатында Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz. “Украинская правда”басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский бұл мәлімдемені 3 маусымда НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

"Біз келіссөз жүргізушілерімізге қатысты америкалық тараппен тұрақты байланыстамыз. Біз келіссөз тобының келуін күтіп отырмыз, бірақ менің ойымша, бұл өте ұзаққа созылып жатыр. Өкінішке қарай, АҚШ үшін Украина қазір басты назарда емес – олар үшін бірінші орында Иран мәселесі тұр. Өкінішке қарай, біз осы соғыстардың кезегінде қалып отырмыз", – деді Зеленский.

Владимир Зеленский АҚШ қақтығысты реттеуде маңызды рөл атқара алатынын атап өтті. Оның айтуынша, Киев келіссөз процесіне АҚШ пен Еуропаның қатысуын қолдайды.

"Біз кез келген форматты қолдаймыз және мен бұл соғысты аяқтау үшін Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізуге дайынмын. Әлемдегі барлық қақтығыстар аяқталғанша кезек күткеннен гөрі, бұл соғысты тезірек тоқтату керек", – деп түсіндірді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.