Украина президенті Владимир Зеленский Абу-Дабиде өткен келіссөздерге байланысты жедел мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, делегациялар арасында кездесу өтіп, онда соғысты аяқтауға қатысты негізгі параметрлер талқыланған. Бұл туралы Arasha.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Telegram арнасында украиналық өкілдермен тұрақты байланыста екенін атап өтті:
"Украиналық делегациядан дерлік әр сағат сайын ақпарат алып отырмын. Қазір олар Эмираттарда. Бүгін Украина, АҚШ және Ресей делегациялары бас қосып, келіссөз жүргізді. Бұл маңызды кездесу, өйткені мұндай үшжақты формат ұзақ уақыт бойы болмаған еді", – деді Зеленский.
Сонымен қатар президент келіссөздердің нақты нәтижесіне қатысты қорытынды жасауға әзірге ерте екенін айтты:
"Бүгінгі әңгіменің мазмұнына байланысты түпкілікті баға беру қиын. Процестің қалай жалғасатынын және қандай нәтижеге алып келетінін алдағы уақытта көреміз", – деп түйіндеді ол.