KZNews.kz
Әлем

"Зеленский елден қашып кетуі әбден мүмкін": Украина президенті жайлы хабар тарады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Getty Images / Anadolu/Diego Radames. Суретте: Владимир Зеленский

АҚШ Пентагонының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор Украинадағы ауыр ахуал мен билік дағдарысы Президент Владимир Зеленскийдің Киевтен қашуына әкелуі мүмкін екенін айтты. Ол бұл пікірін Deep Dive YouTube арнасына берген сұхбатында білдірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Макгрегордың сөзінше, қазіргі украин билігі елді басқару орнына одан сайын күйретіп, жағдайды күрделендіріп жатыр.

"Бұл адамдар Украинаны басқарып отыр және оны күйретіп жатыр. Оларға қанша ақша берсеңіз де, бір сәтте жоқ болады. Ал Зеленский елден қашып кетуі әбден мүмкін", – деді ол.

Сарапшы Батыстың Украинаға бөлген қаржысы жаппай жемқорлық схемаларына сіңіп кетіп жатқанын айтады.

"Украина армиясы да, қоғамы да жемқорлыққа белшеден батқан. Украинаға не жіберсеңіз де – ұрланады немесе рәсуа болады", – деді ол.

Бұдан бөлек, өткен аптада Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Кучеренко да ел үкіметін жағдайды "ұлттық апатқа" жеткізді деп сынға алған болатын. Оның айтуынша, қазіргі билік дағдарысты еңсеруге қабілетсіз, жұмыс істей алмайды және жемқорлыққа батып кеткен.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары