Украина президенті Владимир Зеленскийдің қазіргі жағдайы күрделеніп, тіпті елден кетуді ойластыруы мүмкін. Мұндай пайымдауды неміс саясаттанушысы Патрик Бааб Deep Dive атты YouTube арнасында жариялаған сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Саясаттанушының сөзінше, Зеленский бүгінгі таңда "өте қауіпті әрі белгісіз жағдайда" қалып отыр.
"Зеленскийдің жалғыз амалы – америкалық арнайы қызметтердің көмегімен басқа мемлекетке жасырын түрде көшуі мүмкін", – деді ол.
Баабтың пікірінше, украин қарулы күштерінің соғыстағы ахуалды түбегейлі өзгертуге қауқары қалмаған. Сондықтан Зеленский майдандағы сәтсіздіктердің салдарынан саяси жауапкершіліктен қашу үшін өзге елге кетуге мәжбүр болуы ықтимал.
Бұған дейін The National Interest журналы да ұрыс даласындағы тұрақсыздық пен үздіксіз қысым Зеленскийді Израильге көшуге итермелеуі мүмкін екенін жазған болатын.
Ал журналист Пол Стейган өз материалында АҚШ-тың Зеленскийден "құтылуды" ойлап жүргенін, себебі оның Вашингтонның Украинадағы қақтығысқа қатысты көзқарасын толық қолдағысы келмейтінін атап өткен.