Аймақ

Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы - Тоқаев

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы - Тоқаев
Фото: видеодан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көліктердің санын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды. Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуға тиіс. Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек. Қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керек", - деді Президент.

 Тоқаев азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданатынын мәлімдеп, қоғамдық көліктердің санын көбейтуді тапсырды.

"Қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелер де бар. Келеңсіз жайттар Астананың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту және Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу ұсынысын қолдады.

"Жеңіл рельсті көлік жобасы да өте маңызды. Көп ұзамай оны толық іске қосу керек. Мен жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл қадам көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Үкімет, ең алдымен, жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс. Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу туралы ұсынысқа қолдау білдіремін. Жобаның құжаттарын келесі жылы әзірлеп, 2027 жылы құрылысты бастау қажет. Бұған қоса, Үкімет әкімдікпен бірлесіп, Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмысын жалғастыруы керек", - деді Тоқаев.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz