Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев жаңа көлік алғысы келіп жүрген азаматтарға жақсы жаңалық айтты

Тоқаев жаңа көлік алғысы келіп жүрген азаматтарға жақсы жаңалық айтты

Бүгін телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді азаматтар жаңа көліктерді жеңілдікпен ала алатынын еске салды, деп хабарлайды Kznews.kz

Айта кетейік, жуырда президенттің тапсырмасынан кейін үкімет халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар шара қабылдаған еді. Тоқаев та сол шараларға тоқталып, жеңіл несие арқылы автокөлік алу бағдарламасының қайта жанданғанын айтты.

«Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек. Елімізде KIA Qazaqstan зауытының іске қосылуы осы саланы технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға зор серпін берері сөзсіз. Кәсіпорын болашақта басқа да жаңа көлік түрлерін шығарады деп сенемін. Осылайша, әлемдік озық талаптарға сай көліктерімізді сыртқы нарыққа, яғни шетелге шығаруға мүмкіндік болмақ. Қазақстан жаһандық автокөлік өнеркәсібінің дамуына бар күш-жігерін салуға дайын», – деді Президент.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.