Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бір-ақ күнде алады": Аймағамбетов зейнетақы жинағына қатысты қуанышты жаңалықты жария етті

"Бір-ақ күнде алады": Аймағамбетов зейнетақы жинағына қатысты қуанышты жаңалықты жария етті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстанда зейнетақы төлемі мен мұрагерлердің құқығына қатысты ереже өзгереді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді.

“Енді біз бұл ережені өзгерттік. Отбасыларға таңдау бердік. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында. Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлыәрі икемді еттік”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады. Осылайша, биыл зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін шек екінші рет өсіп отыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі