KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Жазира Байырбекованың қызы 1-сыныпқа барды

Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің қызы Дара биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қызының алғашқы қоңырауына қатысты әсерлі жазба жариялап, аналық тілегін арнады.

“Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн. Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр”, – деп жазды Жазира Байырбекова.

Жазира Байырбекова қызына білім жолының ашық, болашағының жарқын болуын тілеп, әрдайым мейірімді, әдепті әрі тәрбиелі болып өсуіне тілек білдірді.

“Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым! Мектеп табалдырығын нық басып, білімнің биік шыңдарын бағындыра бер, балапаным!” – деп жазды әнші.

Дараның мектептегі алғашқы қадамына әншінің оқырмандары да жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →