KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жазира Байырбекова мен Жанболат Ерболатов болашақ келінін көрсетті

Дархан Тоқан
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал өнерлі жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ерболатов ұлдарының болашақ жары Асылыға арнаған әніне түсірілген бейнебаянды көпшілікке ұсынып, келіндерінің жүзін көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Желі қолданушыларының айтуынша, өнер иелерінің бұл қадамы көпшіліктің назарын аударған. Айта кетейік, жақында жұлдызды жұп болашақ келініне арнайы ән арнап, бейнебаян түсіргенін мәлімдеген еді. Күні кеше сол бейнежазба жарық көрді.

“Ал, сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Шаңырағымызға Асылы келді”, – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ әнші келініне арнап ән шығарғаны үшін өзін сынағандарға да жауап қатты.

“Біреулер “Келініне әлдеқандай қылып ән арнағаны несі? Келініне ән арнаған енені қайдан көрдің?” деп жатыр. Қанша жыл күткен жалғыз келініме қалай ән арнамаймын?” – деді ол.

Өнер иесі бастапқыда кез келген адамға бауыр басу оңай еместігін, бірақ жақындаса қалса, шын көңілмен жақсы көріп кететінін айтып, келінін құшақтағанын да жеткізді.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →