Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әніммен алып кеттім”: Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатқанын айтты

“Әніммен алып кеттім”: Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, кейін өз шаңырағына алып келгенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші бұл сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, құдағиының өтінішімен келінді өз әнімен қарсы алғанын жеткізді. Ол қуанышты күннің сәтті өткенін айтып, көпшілікке алғысын білдірген.

Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен үйімізге түсірдік. Құдағиым Лиза "келінді өз әніңізбен алып кетсеңіз" деген өтініш айтты, соны орындадым. Жылы тілектеріңізге рахмет, – деп жазды әнші.

Бұл жағдай желіде қызу талқыланды: біреулер оны ерекше әрі әсерлі дәстүр деп бағаласа, енді біреулер мұны қалыптасқан салтқа сай емес деп сынға алды. Кей пікірлерде ененің келінді өзі ұзатуы тосын әрекет ретінде қабылданған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.