Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, жаңа шаңырағына алып келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұл қадамды ол құдағиының өтініші бойынша жасаған.
"Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен шаңырағымызға түсірдік. Құдағиым Лиза "келінді өзіңіз ән айтып алып кетсеңіз" деп өтінген соң, соны орындадым. Баршаңызға жылы тілектеріңіз үшін рахмет", – деп жазды әнші.
Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар мұндай дәстүрге қатысты әртүрлі пікір білдірді.
"Енесі емес, жұлдыз өзі ұзатты деп қабылдаңыздар", "Мұндайды бұрын естімеппіз", "Ененің келінді ұзатқаны дұрыс емес" деген пікірлер жазылған.