ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жазира Байырбекова келінін өз бейнебаянына түсірді

Жазира Байырбекова келінін өз бейнебаянына түсірді
Фото: видеодан скриншот

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жаңа жылды шығармашылық жаңалықпен бастады. Әнші мерекенің алғашқы күндерінде жаңа бейнебаянның түсіріліміне кіріскенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, клип «Бауырсағы балдай қыз» әніне арналып түсіріліп жатыр және бұл жұмыс оның болашақ келініне арналған ерекше сый болмақ. Бейнебаянға келіннің өзі де қатысып, туындыға шынайы эмоция мен отбасылық жылулық бермек.

«Жаңа жылдың жаңа күнінде болашақ келініме арнап түсірілген ерекше бейнебаян. Бұл ән – келінге деген аналық мейірімнің, ақ тілектің, отбасы ішіндегі береке мен сыйластықтың көрінісі. Осындай қуанышты сәттер әр шаңырақта көбейе берсін», – деді Жазира Байырбекова.

Әнші бұл бейнебаян арқылы қазақы отбасылық құндылықтарды, келін мен ененің арасындағы ізгі қарым-қатынасты дәріптеуді мақсат еткенін де атап өтті. Желі қолданушылары әншінің бастамасын жылы қабылдап, алдағы бейнебаянға сәттілік тілеп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.