KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Жас кезімізді тамашалаңыздар»: желіде әнші Қайрат Нұртас пен әйелінің естелік суреттері тарады

Дархан Тоқан
Әнші Қайрат Нұртас пен әртіс Жұлдыз Әбдукәрімова / kznews коллажы

Threads әлеуметтік желісінде танымал әнші Қайрат Нұртас пен оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың жас кездеріндегі көпшілік көрмеген суреттері жария болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Kair_news атты парақша жариялаған суреттерде жұлдызды жұптың отау құрғандарына көп уақыт болмаған сәттері бейнеленген. Тіпті Жұлдыздың орамал таққан жүзі мен жүкті кезіндегі суреттерін де көруге болады.

Бұл естелік фотосуреттер бір күн уақыт өтпей жүздеген мың қаралым жинап, елдің назарын аударған. Оқырмандар жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.

- "Легенда!"
- "Бақытты болыңдар! Қайроштың барлық әндері керемет, менің сүйікті әншім!"
- "Бақыттың базарында, Алланың назарында болыңдар!"
- "Қайрат негізі темағой, бауырым аман бол, ал әйеліңе алла ақыл берсін!", деп ізгі тілектерін жазды

 Оқырмандар арасында Қайрат пен Жұлдыздың жас кездері қыздары Сезім мен Алауға ұқсайтынын жазғандар болды.

"Қайраттың түрі Сезім, ал Жұлдыздың түрі Алау екен"

Құралай есімді желі қолданушысы осы орайды пайдаланып Қайрат Нұртаспен бірге түскен ескі суретін көрсетті. Оның айтуынша, екеуі бір тойда болған. 

"Менің де жас кезімде, Айдын мен Айгүлдің тойындамыз. Сіз ұл жақтан, мен қыз жақтан. Тост сәті", деді Құралай.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →