KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Жақын күндері ауа райы 43 градус ыстық болады

• Азамат Қойшығара
Фото: Depositphotos.com

«Қазгидромет» 18-20 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдағы күндері ауа райына негізінен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі мен биіктік жырасының әсері ықпал етеді.

Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы әрі ыстық болады.

Найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді. 

19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →