Оқу бағдарламасындағы өзгеріс: келешектің қамы ма, әлде кезекті реформа ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаппай улану: Ақмола облысындағы балалар лагерінен шу шықты

Жаппай улану: Ақмола облысындағы балалар лагерінен шу шықты
Фото: ашық дереккөздерден

Ақмола облысындағы жыл бойы жұмыс істейтін тіл үйрету лагерінде демалып жатқан балалардың жаппай улану дерегі тіркелді. Оқиға 1-шілде күні болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда алты бала Біржан сал ауданы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлік тексеруден кейін екі бала амбулаториялық ем алуға жіберілсе, қалған төрт қыз, екі 8 жастағы және екі 12 жастағы оқушы жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, балаларда құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту белгілері байқалған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, ем қабылдап, өздерін жақсы сезіне бастаған.

Мамандар бактериологиялық зерттеу нәтижелерін күтуде. Балалардың жағдайы жақсарған сайын тамақтану тәртібі біртіндеп қалпына келтірілуде.

Оқиғаға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізіп жатыр. Зертханаға дайын тағамнан, ауыз судан және лагерь аумағынан сынамалар алынып, қызметкерлер ішек инфекцияларын тасымалдаушылыққа тексерілуде.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта лагерьдің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізіліп, балалардың жаппай улану себептері анықталуда.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.