Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов асқар тауы - әкесін есіне алып, барша оқырмандарын жылатты. Өнер иесі желіде аса әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Өнер иесі әкесінің дәл бүгін туған күні екенін айтып, көзі тірі болғанда 72 жасқа толар еді деп жазды.
«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да бұл жазбаға үн қосып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, Тұрсынбек Қабатовқа көңіл айтты.