Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінен шығарылды

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінен шығарылды

Орта салмақтағы рейтингтің көшін WBC чемпионы Карлос Адамес бастады

Белгілі америкалық The Ring журналы қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17–0, 12 KO) өз рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. 

1bol.kz мәліметінше, бұған дейін 32 жастағы Әлімханұлы орта салмақтағы дивизиондық рейтингтің көшін бастап тұрған. Алайда VADA ұйымы жүргізген допинг-тесттің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер тізімінен толық шығарылды.

«Бұрын рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің қолайсыз нәтижесінен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде қалған боксшылар бір сатыға көтерілді, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, 10-орынға жайғасты», — деп жазды The Ring.

Жаңартылған тізімге сәйкес, орта салмақтағы рейтингтің көшін WBC чемпионы, Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес (24–1–1, 18 KO) бастады. Үздік үштікке сондай-ақ кубалық боксшылар Йоэнлис Эрнандес (8–0, 7 KO) пен Эрисланди Лара (31–3–3, 19 KO) енді.

Айта кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда кездесуге бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний табылып, жекпе-жек тоқтатылды. Кейін Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 KO) жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлына қатысты ішкі тергеу жалғасуда. Қайта ашылатын «B» сынамасы 8 қаңтарға жоспарланған. Тергеу қорытындысы шыққан соң, жағдайға құқықтық баға беріледі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.