Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

KNUS негізін қалаушы Нұрасыл Медеу Дженсен Хуангпен кездесті

KNUS негізін қалаушы Нұрасыл Медеу Дженсен Хуангпен кездесті

Астанада өткен кездесу барысында отандық стартап өкілдері NVIDIA басшылығына @tengriai_ жобасын ресми түрде таныстырды.

Қазақстанда жасанды интеллект пен жоғары технологиялар саласын дамыту бағытында маңызды кездесу өтті. Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу мен
TengriAI жобасының өкілдері әлемдік технологиялық гигант — NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры  Дженсен Хуангпен және оның командасымен кездесіп, еліміздегі ЖИ инфрақұрылымын дамытудың болашағын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Негізгі талқылау тақырыбы — Қазақстанның энергетикалық ресурстары мен қуатын жасанды интеллектке деген жаһандық сұранысты қамтамасыз ететін есептеу инфрақұрылымына айналдыру мүмкіндіктері болды.

«TengriAI арқылы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін жасанды интеллектке деген жаһандық сұранысты қамтамасыз ететін есептеу қуатына айналдыруды көздейміз», — дейді жоба авторлары.

ЖИ дәуірінің қалыптасуына орасан зор үлес қосқан сарапшы Дженсен Хуангпен пікір алысу отандық мамандар үшін ерекше тәжірибе болды. Кездесу барысында саланы дамытудың маңызды факторлары ЖИ инфрақұрылымын құру, Инфрақұрылым мен технология, Сапалы білім мен мамандар тақырыбындағы мәселелер атап өтілді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.