Атырау облысында бүтіндей бір отбасының із-түссіз жоғалып кетуі бүкіл қазақ елін есеңгіретіп тастады, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Ал аймақтағы аталмыш мәселені алғаш рет зерттеген журналистердің бірі Жанат Молдашова әлі уақытта іздеуде жүрген Наурыз есімді жігіт туралы тың деректі айтты.
"Наурыздың телефонымен жазып отырған адамның әзірге кім екенін білмейміз. Тек қана жазып қана сөйлесіп отырған. Сол кезде жаңа сатқан малдарды "өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" деп жазған көрінеді. Ондай да бар. Қарашаның екісі күні келген қыз бен күйеу бала бесі күні кеткен деген де ақпарат бар. Тіпті көршісіне қарашаның алтысы күні Наурыздың атынан "малдарыма қарай тұршы" деген хабарлама келген. Сосын көршісі "басқа адамға тапсыр, менің қолым босамайды" деген. Сосын марқұм Мақсот ағамыздың банк картасынан көршіге 10 мың теңге аударып жібереді. "Қой, көрші болып ұят болады" деп көршісі кері аударып жіберген", – деді Жанат Молдашова.