Жетісу облысы – солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 20 мамырда түнде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы – шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 20 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы – солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 19 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы – оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 20 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысы – солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаев қ.: 20 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы – оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 20 мамырда жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.
Ақмола облысы – батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Маңғыстау облысы – батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 20 мамырда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.
Атырау облысы – солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы – батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысы – батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Таулы аудандарда тұман. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы – батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы – жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Абай облысы – солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Павлодар облысы – батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы – солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.