Синоптиктердің болжамынша, 24 наурызда бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды kznews.kz.
Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстігі, шығысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыда да жаңбыр мен найзағай болжанып, жел екпіні 15 м/с болады. Қонаевта жел 15-20 м/с күшейеді. Іле Алатауында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр, найзағай болып, тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Қарағандыда да кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Облыстың оңтүстігі, шығысы және таулы аудандарында жел 15-20, кейде 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, батысы мен орталығында тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Павлодарда да тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, сондай-ақ Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең осы аумақтарда тұман түседі, күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с болады. Атырауда күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-18 м/с болады.
Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с болады. Семейде де тұман түсіп, күндіз жел 15-18 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Оңтүстігі мен орталығында жел 15-18 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Облыстың батысы, орталығы, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с-қа жетеді. Шымкент пен Түркістанда да желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылордада да күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, түнде таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.