«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Найзағай, бұршақ және қатты жел: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы

Найзағай, бұршақ және қатты жел: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр. Көрнекі фото: Jens Kalaene/picture alliance via Getty Images

13 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылады. Төтенше жағдайлар министрлігі жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтілетінін хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі де сақталады. Олардың қатарында Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары, Жетісу және Ұлытау облыстары бар.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер