Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жанар Айжанова: Бір әйелді бақытты қыла алмаған шіркінді әңгіме қылып та керек емес

Жанар Айжанова: Бір әйелді бақытты қыла алмаған шіркінді әңгіме қылып та керек емес
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жанар Айжанова "Мамский әңгіме" подкастында қызы Айжұлдыздың ажырасуынан кейінгі ауыр кезең туралы ашық айтып, оған қалай демеу болғанын еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Өнер иесінің сөзінше, қызының басынан өткен жағдай отбасы үшін оңай болмаған. Соған қарамастан ол қызына сабыр сақтап, ең алдымен дүниеге келетін сәбиінің амандығын ойлауға кеңес берген.

«Айжұлдыздың жағдайы, әрине, қиын болды. Бірақ бір-ақ нәрсені түсіндім – болмайтын нәрсе. Әдеттегідей қызыма қолдау көрсеттім. "Жылама қызым, мұңайма. Бәрі уақытша, өтеді-кетеді. Ең бастысы балаңды аман-есен босанып ал. Керек болмаса, маған керек, саған керек. Ештеңе де қирап қалған жоқ. Ең бастысы – сенің және баланың амандығы", – дедім», – деді әнші.

Жанар Айжанова қызының кейін аман-есен босанып, өмірін жалғастырғанын айтып, кей жағдайда үміті үзілген қарым-қатынасты күштеп сақтаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Үмітсіз шайтан. Болмайтын нәрсені ары қарай құрастырып керегі жоқ. Бір әйелді бақытты қыла алмайтын шіркінді әңгіме қылып та керегі жоқ. Жалпы айтып жатырмын», – деп түйіндеді өнер иесі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.