Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы көлемі 860 млрд тенгеге қысқарады

Жаңа жылдан бастап жәрдемақы көлемі 860 млрд тенгеге қысқарады
Фото: kursiv.media

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаржы 860 млрд теңгеге қысқартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бүгінде бұл салада айтарлықтай теңгерімсіздік қалыптасқан. Қазіргі таңда республикалық бюджеттің 38,7%-ы, ал жергілікті бюджеттердің 48,1%-ы әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

Вице-премьердің мәліметінше, соңғы алты жылда әлеуметтік төлемдердің көлемі айтарлықтай артқан. Мәселен, 2020 жылы бұл мақсатқа 3,3 трлн теңге бөлінсе, 2026 жылы көрсеткіш 6,7 трлн теңгеге жеткен. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемі 367 млрд теңгеден 742 млрд теңгеге дейін, ал балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылар 427 млрд теңгеден 974 млрд теңгеге дейін өскен.

Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру туралы шешім қабылдады. Серік Жұманғариннің айтуынша, мемлекеттік қолдау ең алдымен шынымен мұқтаж азаматтарға көрсетілуі тиіс.

Үнемделген қаржы білім беру, денсаулық сақтау және медицина салаларын дамытуға бағытталады. Министрдің сөзінше, бұл қадам халықтың адами капиталын нығайтып, ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

«2027 жылдан бастап шамамен 860 млрд теңге әлеуметтік төлемдер оңтайландырылып, басқа салаларға бағытталады. Бірақ базалық төлемдер сақталады, тек көмек алушыларға қойылатын талаптар күшейеді», – деді Жұманғарин.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі