KZNEWS.KZ
Қоғам

Жаңа туған нәрестелерді сатқан күдіктілер ұсталды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені заңсыз сату дерегі әшкереленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 25 жастағы әйел жүктілік кезеңінде де, босанғаннан кейін де арнайы қоғамдық қордың қарауында болған. Кейін баладан бас тартуына байланысты аталған қордың жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алғысы келген облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге беруді ұсынған.

Аталған іске қатысы бар үш адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →