Ресейдің құрылыс нарығы құлдырады: Қазақстанға қандай әсері бар?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада жаңа туған сәбиін дәретханаға ағызып жіберген әйел ұсталды

Астанада жаңа туған сәбиін дәретханаға ағызып жіберген әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Астанада кәріз жүйесінен табылған жаңа туған сәбиге қатысты 29 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, аталған оқиға бойынша 29 жастағы әйел анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордадағы қонақүйлердің бірінде әйелдің босанып, жаңа туған нәрестені кәріз құдығына тастап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүктіліктің алтыншы айында мерзімінен бұрын босанған.

Оқиғадан кейін қонақүй орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары да шағымдарын айтты. Олардың сөзінше, аталған нысаннан түнгі уақытта айқай-шу жиі естіліп, полиция бірнеше рет шақырылғанымен, мәселе түбегейлі шешілмеген.

Полиция мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері осы қонақүй бойынша «102» қызметіне барлығы 19 шақырту түскен. Нәтижесінде тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тағы 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар қонақүй иесіне құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды туындататын себептерді жою жөнінде ресми ұсыным берілген. Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл аумақ учаскелік инспекторлардың тұрақты бақылауында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.