KZNews.kz
Саясат

Жаңа Конституция қашан күшіне енетіні белгілі болды

Жарқын Омаров
Фото:depositphotos.com

Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады", - делінген Конституция жобасында.

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Парламенті референдумнан кейін өкілеттігін тоқтататыны белгілі болды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →