KZNews.kz
Білім

Жамбыл облысында тағы да шу: мұғалімге бейәдеп сөз айтқан оқушының анасы айыппұл төледі

Фотоиллюстрация: Kznews.kz

Жамбыл облысындағы мектептердің бірінде мұғалімді тілдеп, бейәдеп сөз айтқан оқушының ісі сотқа жіберілді.

Оқиға Жаңатас қаласында болған. Сабақ уақытында тәртіп бұзған оқушыға пән мұғалімі бірнеше рет ескерту жасаған. Оған ашуланған бала ұстазға дөрекілік көрсетіп, боқтаған көрінеді. Кикілжіңнен кейін іс насырға шауып, мектеп әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған. Мәселені май шаммен қараған тәртіп сақшылары оқушының әрекетінен құқық бұзушылық тауып, әкімшілік хаттама толтырыпты.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы мектепте шақырылып, анықтау кезінде анасы баласының оғаш қылығын мойындап, кешірім сұраған. Дегенмен, Әкімшілік кодекстің 127-бабының 2-тармағымен іс қозғалды.

Ал істі қараған сот баланың кәмелетке толмағанын ескеріп, оның анасына 41000 теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Автордың басқа материалдары