Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шенеунік 300 мың теңге пара алып, 9 миллион айыппұл төледі

Шенеунік 300 мың теңге пара алып, 9 миллион айыппұл төледі
Ашық дереккөз

Жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін 9 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ырғыз ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Медет Бердалин пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 9 миллион теңге айыппұл төлеуге сотталды.

Сот материалдарына сәйкес, Бердалинге бір фермер шөп шабуға бір айға жер телімін сұрап жүгінген.

Ресми жолмен шешудің орнына, шенеунік кездесуді жұмыс орнынан тыс жерде ұсынып, жер комиссиясында өтінішін өткізу үшін 300 мың теңге сұраған. Фермер бұл соманы бірден бере алмаған. Кейін Бердалин оған жұбайының телефон нөмірін жіберіп, алғашқы 200 мың теңгені сол есепшотқа аудартқан. Осыдан соң шенеунік өтінішті рәсімдеуге көмектесіп, тіпті құжатсыз-ақ шабуға рұқсат берген. Қалған 100 мың теңгені фермер ҰҚК бақылауымен аударған — ол пара талап етілгені жөнінде арыз түсірген.

Сотта Бердалин кінәсін мойындады. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Нәтижесінде ол параның 30 еселенген мөлшерінде — 9 млн теңге айыппұл төлеуге және мемлекеттік әрі квазимемлекеттік қызметте басшылық лауазым атқаруға тыйым салуға үкім етілді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.